Ұшақ апаты: Өзбекстан президенті қазақ халқына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Алматы маңында жолаушылар ұшағының құлауына байланысты қазақ халқына көңіл айтты, деп хабарлады Өзбекстан Республикасы президентінің ресми сайты.

Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласында ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза табуына байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтты, сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді, - делінген жеделхатта.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы