25 Қыркүйек 2026, 18:39 Фото: olympic.kz

Азиада-2026: Қазақстан әйелдер құрамасы семсерлесуден қола медаль иеленді

Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның әйелдер құрамасы командалық шпагада қола медаль жеңіп алды.

Жартылай финалда қазақстандық семсерлесушілер Қытай құрамасымен кездесіп, 21:45 есебімен жеңілді. Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Құрама сапында Ирина Бакалдина, Владислава Андреева, Дарья Самоделкина және София Николайчук өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы байдаркадан қола медаль жеңіп алса, Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азиада-2026-да топ жарды.

Сондай-ақ, Абдурашид Абдуллаев – ушудан Азия ойындарының күміс жүлдегері, ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Азиадада күміс медальға ие болды, ескекшілер Сергей мен Тимофей Емельянов Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.