Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азиада-2026-да топ жарды

Шешуші бәсекеде қазақстандықтар қашықтықты 6 минут 25,13 секундта бағындырып, бірінші орынға ие болды.

 olympic.kz 24 Қыркүйек 2026, 07:07
24 Қыркүйек 2026, 07:07
172
Фото: olympic.kz

Қазақстандықтар Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында ерлер арасында рульсіз қос ескекті қайықпен жарысудан А финалында жеңімпаз атанды.

Шешуші бәсекеде қазақстандықтар қашықтықты 6 минут 25,13 секундта бағындырып, бірінші орынға ие болды.

Күміс жүлдені қытайлық Чуан Цао мен Мэншуай Ян иеленді. Олар қазақстандықтардан 2,09 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Өзбекстан өкілдері Максим Голубев пен Алишер Турдиев (6:32,34) жайғасты.

Осылайша, Яковлев пен Чернухин Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының алтын медалін салды.

Наверх