Жалпы жаңалықтар
-
Түркістан облысындағы қанды атыс: бетперде киген қарулы адамдар 17 жастағы бозбаланы атып өлтірді
Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы шағын Көктерек ауылында қарулы қақтығыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты. Тағы үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция күдіктілердің бірін ұстады, екіншісі іздестірілуде. Оқиға жергілікті тұрғындар үшін үлкен дүрбелеңге айналып, қазір ауыл халқы кешкі уақытта сыртқа шығудан қорқып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Президент тапсырмасы: Көкшетауда қайтарылған активтер есебінен жаңа кешен салынуда
Президент тапсырмасы бойынша Көкшетауда қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа спорт кешені салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.11.2025
-
Қардың салдары: Алматының бірнеше ауданында жарық өшті
Алматыда ауа райының қолайсыздығынан кейін бірқатар аудандарда электр жарығы сөнді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Ипотека мөлшерлемесі төмендетіле ме? – Әбілқасымова жауап берді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Тілектес Адамбеков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға тұтынушылық және ипотекалық несиелер бойынша жылдық шекті мөлшерлемені төмендету туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Қазақстанда “банкті құтқару” тәртібі өзгеретін болды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Қазақстанда БАҚ-қа сенім Орта Азия бойынша ең жоғары деңгейде
Қазақстанда 1 мыңнан астам телеарна, баспа және цифрлық БАҚ, ақпарат агенттіктері мен жергілікті басылымдар жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Әлемде: Қытай спутнигі ұшты, АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады, ЮНЕСКО арнайы дата бекітті
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
05.11.2025
-
Аида Балаева: Ақпарат – басты ресурс, медиа алаңындағы ашық диалог маңызды
Елордада өтіп жатқан Astana Media Week дәстүрлі медиа апталығының ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзі оқылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Депутаттар тағы бірнеше заңды жұмысқа алды
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Елімізде жер қойнауын барлауға жаңа мүмкіндік берілді
Мәжіліс “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” кодекске көмірсутек және уран секторында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Ұлттық банк алақан арқылы төлем жасауға қатысты пікір білдірді
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Kaspi Bank таныстырған жаңа алақан арқылы төлем жасау технологиясына байланысты пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Astana Media Week-2025: Орта Азиядағы ең ірі медиа апталық өтіп жатыр
Елордада Astana Media Week дәстүрлі медиа апталығы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Алматыдағы алғашқы қар: 6 адам зардап шекті
Алматыда өткен түнгі қардың салдарынан 17 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Astana Media Week: Жабық есік артындағы дайындық
Елордада Astana Media Week дәстүрлі медиа апталығына қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Дэвид Бекхэм рыцарь атанды: Король Чарльз III футбол аңызын марапаттады
Англия құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм футболды дамытуға қосқан зор үлесі мен британ қоғамы алдындағы еңбегі үшін ресми түрде рыцарь атағын алды. Футбол аңызын король Чарльз III марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
05.11.2025
-
Астаналық зейнеткер алаяқтардан 39 миллион теңгесін қайтарып алды
Астана полицейлері алаяқтар ұрлап кеткен 39 миллион теңгені зейнеткерге қайтарып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Шымкентте жаңа төселген асфальт опырылып түсті
Шымкенттің Восток шағын ауданында жаңа төселген асфальт опырылып, кем дегенде төрт көлік шұңқырға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
05.11.2025
-
Алғашқы мұсылман мэр: Нью-Йорктегі сайлау нәтижесі белгілі болды
34 жастағы демократиялық социалист Зохран Мамдани Нью-Йорк қаласының жаңа мэрі болып сайланды. Ол сайлауда Дональд Трамп қолдаған тәуелсіз кандидат Эндрю Куомоны жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
05.11.2025
-
Бүгін еліміздің қай қалаларында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 5 қарашада Қазақстанның екі қаласында – Атырау мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
05.11.2025
-
Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде 7 жасар қызды көлік қағып кетті
Ақтауда 26-шағын ауданда жол-көлік оқиғасы орын алды. Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған қыз баланы қағып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
05.11.2025