Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Алғашқы сот отырысының күні белгіленді
Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған резонанстық жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысының күні белгілі болды.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Черновтың мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу аяқталып, алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00-ге белгіленген. Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталып, тергеу изоляторына қамалды.