ШҚО-да құрылыс компаниясы мемлекетке 40 млн теңгеге жуық салық төлемеген
ШҚО прокуратурасы төленбеген салықты бюджетке қайтарды.
Шығыс Қазақстан облысында құрылыс компаниясының мемлекетке 40 млн теңгеге жуық салық төлемегені анықталды.
Катонқарағай ауданының прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын бақылау тиімділігіне талдау жүргізу барысында «Шығыс Жол» ЖШС-нің корпоративтік табыс салығын төлеуден жалтарғанын әшкереледі.
Берешектің бар екеніне қарамастан, фискалдық орган бұл қаражатты мәжбүрлеп өндіру бойынша уақтылы және толық шаралар қабылдамаған. Мемлекет алдындағы жинақталған берешек сомасы 39 млн теңгені құрады. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша «Шығыс Жол» ЖШС-нің салық берешегі толығымен өтелді. Сонымен қатар, өндіріп алу бойынша дер кезінде шара қолданбаған салық органының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойылды, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да салықтан жалтарған қылмыстық топ ұсталды.
Сондай-ақ, 2025 жылы 649 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылғаны хабарланды.
- Астанада бірқатар көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады 22:44
- Алматыда интимдік қызмет көрсететін 430-дан астам пәтер анықталды 22:15
- Жексенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды 21:52
- Еуропа кубогы кезеңі: Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды 21:22
- Норвегиядағы алапат өрттен 100-ден астам үй жанып кетті 20:53
- Түркістанда «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтіп жатыр 20:17
- 19 шілдеге қараған түні eGov пен бірқатар мемлекеттік сервис уақытша жұмыс істемейді 19:45