Бүгiн 2026, 15:31 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Өзбекстанға ең көп баратын туристер: Қазақстан үздік үштікке енді

Жыл басынан бері Өзбекстанға 4 миллионнан астам турист барған.

2026 жылдың алғашқы төрт айында Өзбекстанға саяхаттаған шетелдік қонақтардың арасында қазақстандықтар көшбасшылар қатарынан көрінді.

Pressa.uz дерегінше, қаңтар-сәуір аралығында көрші елге 935 мыңнан астам Қазақстан азаматы барып, еліміз Өзбекстанға ең көп турист жіберген мемлекеттердің үздік үштігін бекітті.

Қаңтар-сәуір айларында Өзбекстанға 4 миллионнан астам шетелдік турист барған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,9%-ға көп. Қырғызстан туристер ағыны бойынша басты орынға шықты.

Сарапшылар мұндай серпінді халықаралық авиарейстер географиясының белсенді кеңеюімен, визалық рәсімдердің одан әрі жеңілдетілуімен және ел ішіндегі қонақүй мен көлік инфрақұрылымының жаңғыртылуымен байланыстырады.

Туристік ағынның негізгі бөлігін Орталық Азия аймағының мемлекеттері қамтамасыз етті. Көшбасшы позицияға 1 141 581 адам барған Қырғызстан ие болды, ал алғашқы үштікке 965 488 азамат көрсеткішімен Тәжікстан және 935 003 келуші жіберген Қазақстан кірген.

Олардан кейін танымалдылық рейтингінде 341 842 турист барған Ресей, 161 537 азаматы бар Ауғанстан, 132 240 сапарды қамтамасыз еткен Қытай, 108 433 қонағы бар Түрікменстан және 57 686 келушісі бар Түркия орналасты.

Үздік 10 елдің қатарын Үндістан мен Оңтүстік Корея түйіндеді. Бұл елдерден Өзбекстанға төрт ай ішінде сәйкесінше 16 057 және 12 145 адам барған.

Еске салайық, бұған дейін 2028 жылға қарай Өзбекстанның тұңғыш ғарышкері орбитаға ұшатыны хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

Қазақстандық теннисші Өзбекстанда өткен турнирде алтын иеленді

Өзбекстан Президенті Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салған мешітке барды

Өзбекстанда электромобиль импорты күрт өсті