Қазақстандық теннисші Өзбекстанда өткен турнирде алтын иеленді

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын иеленді.

Бүгiн 2026, 16:48
АВТОР
 Olympic Бүгiн 2026, 16:48
Бүгiн 2026, 16:48
151
Фото: Olympic

Қазақстандық спортшы Жания Бекмұхамбетова Ташкентте өткен беделді WTT Youth Contender сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында өнер көрсетіп, сенімді түрде алтын медаль ұтты.

Турнир барысында Жания алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Финалда отандасымыз Өзбекстан спортшысы Ясмина Назаровамен кездесіп, 3:0 (11:7, 11:3, 11:7) есебімен басым түсті.

Айта кетейік, өз жас санатындағы әлемдік рейтингте Бекмұхамбетова жетінші орында тұр.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Анна Данилина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.

Тағы оқи отырыңыздар:

Александр Бублик Италиядағы турнирде күтпеген жерден жеңіліп қалды

Елена Рыбакина Римдегі Masters турнирінің 1/8 финалына шықты

Александр Бублик Римдегі «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына өтті

Наверх