28 Қыркүйек 2026, 19:20 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Өзбекстанда балабақшада жәндіктерге қарсы дәріні ішіп қойған бала қайтыс болды

Уәкілетті органдар баланың асүйге қалай кіргенін және қауіпті затты сақтауға кім жауапты болғанын анықтап жатыр.

Өзбекстанның Ахангаран қаласында жәндіктерге қарсы дәріні ішіп қойған балабақша тәрбиеленушісі қайтыс болды.

Қайғылы оқиға Ахангаран қаласындағы №6 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде орын алды, деп хабарлады Ахангаран облыстық мектепке дейінгі және мектеп білімі басқармасының баспасөз қызметі.

Анықталғандай, үш жасар бала ас үйде жәндіктермен күресуге арналған дәріні ішіп қойған. Бала ауруханаға жеткізілгенімен, көрсетілген көмекке қарамастан қайтыс болды.

«Қолда бар мәліметтерге сәйкес, баланың әжесі осы мекеменің асханасында аспаз болып жұмыс істеген. Ол аутсорсингтік ұйымның қызметкері болған. Оқиға бала әжесіне асүйге кірген сәтте болған», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алайда бұл оқиға бойынша түпкілікті қорытындылар тек уәкілетті органдар жүргізіп жатқан тергеу және тексеру нәтижелері бойынша жасалады, деп атап өтті ведомствода.

Уәкілетті органдар оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерттеп жатыр. Соның ішінде баланың асүйге қалай кіргенін, қауіпті құралдың оған қолжетімді жерде не үшін тұрғанын және оны сақтауға кім жауапты болғанын анықтауда.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстанда фастфуд жеген 31 адам ауруханаға түскені хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Өзбек палауы Гиннес рекордтар кітабына қашан енді?

Өзбекстанда 40 жастан асқан студенттер саны көбейді

Өзбекстанда зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен көтеру ұсынылды