Бүгiн 2026, 09:21 Фото: ТЖМ

Өскемендегі жарылыс: Астаналық дәрігерлер көмекке аттанды

1980 жылы туған ер адам аса ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

«Казцинк» компаниясы зауытындағы жарылыс кезінде ауыр күйік шалған қызметкерге көмек көрсету үшін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлер бригадасы Өскеменге жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорынның мәліметінше, бұған дейін елордалық мамандармен телемедициналық кеңес өткізіліп, соның барысында зардап шеккен адамды емдеудің алдағы тактикасы айқындалған.

1980 жылы туған ер адам жансақтау бөлімінде аса ауыр жағдайда жатыр. Оған дененің 90 пайыздан астамын, соның ішінде тыныс алу жолдары мен көздің мүйізгегін күйік шалу диагнозы қойылған.

Сондай-ақ, оқиға салдарынан тағы бір жұмысшы - 1974 жылғы ер адам зардап шекті. Ол бел омыртқасының компрессиялық сынуымен ауруханаға жатқызылды.

Еске сала кетейік, 5 мамыр күні таңертең Өскемендегі кәсіпорын аумағында жарылыс болып, өрт шыққанын жаздық.

Өскемендегі «Казцинк» ЖШС аумағында болған өрт оқшауланды. Құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам ауруханаға жеткізілген. 

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы өндірістік нысанда болған жарылысқа байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. 

Өскемендегі «Казцинк» аумағындағы өрттен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Жарылыстан кейін "Казцинк" маңында белгісіз бұлт пайда болды: Экологтар тексеруге кірісті 

Өскемендегі жарылыс жұртты дүрліктірді: Экологияға қауіп бар ма? 

Өскемендегі жарылыстан 2 адам қаза тауып, 5-еуі жарақат алды