+16

Өртенген үй мен Ғайыпбаев өлімі: Шерзат ісіне қатысты тың дерек айтылды

ІІМ басшысы марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеу және Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты істер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында осы оқиғаларға қатысты сұраққа жауап берді.

Министрдің айтуынша, марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеу дерегі бойынша қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде.

Бұл іс бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу жүріп жатыр, егжей-тегжейін жариялауға құқығым жоқ. Бірақ іс ІІМ бақылауында, – деді Саденов.

Сонымен қатар министр Қаржаубай Нұрымовтың інісі Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты да пікір білдірді.

Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша да іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, – деп қысқаша жауап берді министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2025 жылғы 5 маусым күні Шерзат Болат ісі бойынша 9 сотталушыға үкім шықты. Ал мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай марқұм Шерзат Болатты тірі болуға лайық еді деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Шерзат ісі бойынша қоғамда үрей бар екенін айтты.

Адвокат Жұмат Әбенов резонансты мәлімдеме жасап, халықты сабырға шақырды. Бүгінгі сот отырысының соңында ол айыпталушы Абзал Шынасылдың шынайы болғанын, бірақ бір сәттік сенгіштігі өзіне кері әсер етіп, істі мойнына ала салғанын айтты.

Белгілі болғандай, Шерзаттың өліміне тікелей себеп болған соққыны Абзал Шынасыл жасаған.

9 маусымда Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың мерзімінен бұрын шартты босауы туралы сұраққа жәбірленуші тараптың құқығын қорғаған адвокат Мейірман Шекеев жауап бергенін хабарладық. 

Жоғарғы сот Шерзат Болат ісінің трансляциясына нүкте қойды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот процесінің үкімі 5 маусым күні оқылып, үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Процесс басталғаннан бері Жоғарғы соттың тікелей эфирін ұйымдастырған түсірілім тобы үшін бұл күн ерекше ауыр және эмоцияға толы болды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Перизат Сәдуақас-Хайруллина мәлімдеген болатын.

Бұған дейін Қазақстанда сотталғандарға рақымшылық жасалуы мүмкін екенін жаздық. Белгілі болғандай, Қазақстанда 18-ге толмаған 75 бала түрмеде жазасын өтеп жатыр

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи "Жемқорларға рақымшылық жасала ма?" деген сауалға жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы