3 Қыркүйек 2026, 11:01 Фото: Ақорда

Мәди Такиев Қаржы министрі лауазымына қайта тағайындалды

Құрылтайда оның кандидатурасы келісілді.

Президент Мәди Такиевті Қаржы министрі лауазымына қайта тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін кеше, яғни 2 тамызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 

Ал бүгін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғанын жаздық. 

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Жаслан Мәдиев жаңа қызметке тағайындалды. Бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болған, енді Премьер-министрдің орынбасары қызметін де қоса атқаратын болады.