21 Қыркүйек 2026, 20:01 Фото: видеодан скриншот

Көлігін тастай салып, тұра қашты: Полиция хромтаулық жүргізушіні ұстады

Көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші Хромтауда мас күйінде қайта көлік жүргізгені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, Хромтау тұрғыны қайтадан рөлге отырып, алкогольдік масаң күйде көлік басқарған.

19 қыркүйек күні сағат 01:30 шамасында Хромтау қаласында патрульдеу барысында полиция қызметкерлері Opel Vectra автокөлігін тоқтатқан.

Көлік тоқтағаннан кейін жүргізуші көліктен түсіп, полиция қызметкерлерінен қашып кетуге әрекет жасаған. Алайда тәртіп сақшылары оның әрекетін дер кезінде тоқтатып, жүргізушіні ұстады.

Тексеру барысында ер адамнан алкогольдік масаңдық белгілері анықталды. Сонымен қатар оның осы жылдың тамыз айында көлік құралын басқару құқығынан алты ай мерзімге айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, жүргізуші заң талаптарын елемей, қайтадан көлік тізгініне отырған және масаң күйде көлік басқарған. Автокөлік Хромтау аудандық полиция бөлімінің арнайы автотұрағына қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан бұрын айырылған адамдардың қайтадан көлік басқаруына қатысты 47 факт анықталды.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да 36 жүргізуші өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылғаны хабарланды

Тағы оқи отырыңыз: 

«Жүктімін» деп анықтама жасатқан әйел қамауға алынып, 5 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Астананың екі тұрғыны шалшық суға шомылғаннан кейін қамауға алынды

Астанада автобуста жүргізуші мен жолаушылар арасында жанжал шықты