ІІМ Бишімбаевтың ісі қандай баптар бойынша қаралатынын айтты

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжілістің куларында Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бишімбаевтың ісі екі бап бойынша қарауға жіберіледі, - деді Лепеха.

"Власть" сайтының мәліметінше, Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қылмыстық кодекстің "Азаптау" (110-баптың 2-бөлігі) және "Аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) бабы бойынша айыпталып отыр.

Бұған дейін Бишімбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлаған едік.

Ал 11 қаңтарда әйелін өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.

Еске салсақ, 2023 жылғы 9 қарашада Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде дене жарақаттарынан әйел адамның қаза болғаны хабарланды.

Кейіннен ол әйелдің ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтің әйелі екені анықталды. Бишімбаев әйелін мейрамханада соққыға жыққан көрінеді. Салдарынан Салтанат Нүкенова жедел жәрдем қызметі келіп жеткенше жан тәсілім еткен. Астана қалалық ПД мәліметінше, ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: facebook.com/Куандык Бишимбаев
Өзгелердің жаңалығы