Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды

12 Қараша 2023, 11:14
783
Бөлісу:
Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: Арман Мухатов

Жұбайын өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда. Ішкі істер министрлігінің басшылығы тергеу барысын өз бақылауына алды. Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылса, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы