Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты тергеу аяқталды

8 Қаңтар 2024, 19:37
20262
Бөлісу:
Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты тергеу аяқталды
Фото: primeminister.kz

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы заңгер Жанна Мұхамади Facebook-те жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адвокат өткен аптаның соңында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарланғанын жазды.

Қазіргі уақытта іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық. Бірақ қылмыстық істің материалдарымен әлі толық танысқан жоқпыз. Менің мұндай істер бойынша тәжірибем өте көп, мен бұрын кісі өлтіру істеріне қатысқанмын, бірақ сарапшылардың қорытындысын көріп, абдырап қалдым. Мұндай қатыгездікті, салқынқандылықты бұрын-соңды көрген емеспін. Қазір Салтанаттың отбасын құрметтегендіктен кісі өлімі оқиғасының мән-жайын айта алмаймыз. Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғау өтініштерін бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі, - деді адвокат.

Жанна Мұхамади атап өткендей, Прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері бұған дейін БАҚ өкілдеріне бұл іс бойынша күдіктінің ағасы қамауға алынғанын хабарлаған. Оның сөзінше, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша айып тағылуы мүмкін.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қарашаның басында бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Бишімбаев кінәлі деп танылса, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы