Бүгiн 2026, 13:22 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Виктор Федюнин

Бурабайдағы Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу қойылды

Демалысты жоспарлау кезінде ескеріңіз.

Өрт қаупінің жоғары болуына байланысты «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Көкшетау тауына баруға шектеу қойылды.

Шектеу туралы ақпарат «Ikomek109aqmola» ресми Instagram парақшасында жарияланды.

Бурабайдағы Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу қойылды. Бұл шара табиғатты қорғау және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Сапар бағытын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз, - деп жазылған хабарламада. 

Аталған орынға бару мүмкіндігі өрт қаупінің деңгейі төмендегенге дейін жабық болады.

Айта кетейік, бұған дейін 17 маусымында "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өрт болды. Орман алқабы найзағай соққысынан кейін тұтанған.

Тағы оқи отырыңыздар:

Бурабай маңында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: Зардап шеккендер бар

Қазақстанның туристік інжу-маржаны: Бурабай тағы бір рекорд орнатты

Бурабайға бара жатқан жолда қауіпті әрекетке жол берген жүргізуші жазаланды