Bek Air лоббистер арқылы IOSA сертификатын жоюға тырысты – Роман Скляр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air компаниясы халықаралық рейстерге шығу үшін ұзақ жылдар бойы түрлі деңгейдегі лоббистер арқылы IOSA сертификатын жоюға тырысқанын айтты.
Халықаралық рейстерді орындайтын барлық әуе компаниямыз бұл сертификатты (IOSA –ред.) алған. Ішкі рейстер үшін де бұл талап керек болатын. Бірақ 2016 жылы БАҚ-та үлкен кампания жүрді. Кейбір журналистер мен депутаттар оны қолдады. Мүмкін олардыкі дұрыс та болған шығар. Ішкі рейстерде қосымша талаптарға сай келу қажет емес. Уәкілетті мемлекеттік орган ретінде Индустрия министрлігінің Азаматтық авиация комитеті сыртқы рейстер секілді ішкі рейстерге де осы IOSA талабы қойылу керек деген қаулы шығарды. Яғни, қосымша талаптар. Бірақ біз қауіпсіздікке кедерді жасайтындай авиацияда "қосымша талартар жоқ" екенін барлығымыз жақсы түсінеміз. Дегенмен, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті бұл "кәсіпкерлердің құқығын қорғау" деген ұйғарым шығарды және министрлік ішкі рейстер үшін бұл талапты алып тастады. Bek Air халықаралық рейстерге шығу үшін осы уақытқа дейін түрлі деңгейдегі лоббистердің қатысуымен IOSA сертификатын жоюға тырысып келді. Бірақ қанша жерден қысым көрсетілсе де, министрлік бұған келіспеді, - деді Роман Скляр.
Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақ Қызыл ту ауылында екіқабатты ғимаратқа соғылып апатқа ұшырады.
Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылардың толық тізімі жарияланды.
Мемлекет басшысы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетті.
Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды.
Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждың есімдері белгілі болды.
Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетінін айтты.
ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын.
Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.