Бала үшін басталған жанжал: Түркістандағы сауда орталығында екі әйел төбелесті
Түркістан қаласындағы сауда орталықтарының бірінің ойын алаңында болған жанжал фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәліметтер бойынша екі қатысушы арасында жанжал болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жанжал әйелдердің бірі екіншісінің баласын қағып кеткеннен кейін басталған.
Баланың анасы қызбен сөйлесуге келіп, алдымен оны итерген. Кейін екеуі төбелесіп қалған.
Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, полиция басқармасына жеткізді, оның қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды, - деп жауап берді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына.
Айта кетейік, бұған дейін БҚО-да бір-бірінің шашын жұлып, төбелескен оқушы қыздарды мұғалімдер арашалап алды.
Тағы оқи отырыңыз:
Сабақтағы төбелес: Ақтауда оқушы ауруханаға түсті
Балқаштағы кісі өлімімен аяқталған төбелес: Үш адам сотталды