Айгүл Иманбаева апатқа ұшыраған Бек Эйрге билет таппай, қалып қойған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы-Нұр-Сұлтан 2100 рейсімен шыққан Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағы құлап, 15 адам қаза тапты. 

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ұшақта өнер жұлдыздары болғанын өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Бір Алла жар болсын. Ажал айтып келмейді. Барша апатқа ұшыраған жандардың туғандарына қайғырып көңіл айтамын. Алла сабыр берсін. Ішінде біздің өнер адамдары да бар. Жаңа әуежайда кездесіп, кешке концертте кездесеміз деп қоштасып кетіп едік. Бүгін Алматыдан мен де ұштым астанаға. Билет таба алмай осы Бэк Эйрге де қарадым. Билет болмады. Көретін дәм-тұзым бар екен. Еліміз аман болсыншы. Бір-бірімізге жақсы тілек тілейікші. Сіздерді жақсы көремін достар, - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Айта кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр.  
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы