Бүгiн 2026, 11:42
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев
Астанада QirSabyn Telegram-арнасының әкімшілері сотталды
Атышулы паблик әкімшілеріне бопсалау айыбы тағылды.
Астанада QirSabyn Telegram-арнасының екі әкімшісіне бопсалау ісі бойынша сот үкімі шықты.
Елордалық соттың хабарлауынша, сотталушылар кінәлі деп танылды.
Олардың біреуіне 6 жыл 6 ай, екіншісіне 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұған дейін атышулы паблик әкімшілеріне бопсалау айыбы тағылған болатын, - делінген сот хабарламасында.
Істің басқа егжей-тегжейі нақтыланбаған.
Еске салайық, бұған дейін Шахтинскіде тұрғындарды бопсалап, несие алдырған 10 адам сотталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Шымкентте бопсалаумен айналысқан күдікті топтың әрекеті әшкереленді
Ақтөбеде шетелдік студенттерден ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды
200 мыңнан басталған бопсалау 400 мыңға жетті: Күдікті ақша алып жатқан сәтте ұсталды