Қарағанды облысының Шахтинск қаласында сот 10 адамға қатысты алаяқтық және бопсалау ісі бойынша үкім шығарды.
Сот мәліметінше, 2023 жылдан бастап 2024 жылдың қыркүйегіне дейін бір топ адам өзара алдын ала сөз байласып, қала тұрғындарына қатысты қылмыстық әрекеттер жасаған. Жалпы алғанда 14 адам зардап шеккен.
Сотталушылардың адамдарды алдап, қоқан-лоқы көрсету арқылы несие рәсімдеуге мәжбүрлегені анықталды. Содан кейін олар қолға түскен ақшалай қаражатты өз қалауынша жұмсаған. Соның салдарынан жәбірленушілерге ірі және аса ірі көлемде елеулі материалдық шығын келтірген.
Сот жаза тағайындау кезінде жасалған қылмыстардың ауырлығын, әрбір қатысушының рөлін, олардың мінез-құлқын, сондай-ақ жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескерді.
Сот үкімімен әркімнің атқарған рөліне байланысты әртүрлі жаза шаралары тағайындалды. Бас бостандығынан айыру мерзімдері 4 жыл 8 айдан 7 жылға дейінгі уақытты, сондай-ақ 6 жыл 6 айды құрады. Сотталушылардың біріне отбасылық ерекше жағдайлары ескеріліп, бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Тағы бір фигурант рақымшылыққа байланысты жазадан босатылды, - деп хабарлады Шахтинск сотының баспасөз қыметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде шетелдік студенттерден ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Шымкентте бопсалаумен айналысқан күдікті топтың әрекеті әшкереленді
Павлодарда студенттер қатарластарына "салық" салған
200 мыңнан басталған бопсалау 400 мыңға жетті: Күдікті ақша алып жатқан сәтте ұсталды