11 Қыркүйек 2026, 20:32 Фото: видеодан скриншот

Аралда көлік жүргізіп бара жатқан 6 жасар баланы полиция тоқтатты

Аралда түнде көшеде көлік жүргізген 6 жастағы баланың ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысының Арал ауданында полиция қызметкерлері 6 жастағы баланың түнгі уақытта «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлікті басқарғанын анықтады.

Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, жол-көлік оқиғасының алдын алды. .

- Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін ата-анасына қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Жинақталған құжаттар сотқа жолданып, іс сотта қаралды. Сот шешімімен ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері ата-анасы мен балаға профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда көлік жүргізген оқушы жеке тұрғын үйдің қақпасына соғылды

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада 46 жастағы велосипедші әйел «Газельдің» астына түсіп қайтыс болды

Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды

Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты