Ақтөбе облысында екі Toyota Camry көлігінің соқтығысуынан алты адам қаза тапты
Полиция қылмыстық іс қозғады.
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Апат Ақтөбе – Астрахан тас жолының 94-ші шақырымында, Қандыағаш қаласының маңында, Мұғалжар ауданында болды. Жолда екі Toyota Camry көлігі соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және жолда мұқият болуға шақырады.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында жол апатынан алты адам қаза тапты.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада 46 жастағы велосипедші әйел «Газельдің» астына түсіп қаза тапты
Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды