17 Қыркүйек 2026, 16:18 Фото: видеодан скриншот

Ақтау-Бейнеу жолындағы апат: Түйені қаққан көлік қарсы жолаққа шығып, 4 адам қаза тапты

Ақтау-Бейнеу тас жолында болған жол-көлік апаты салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Апат 16 қыркүйекте шамамен сағат 20:30-да республикалық маңызы бар автожолда болды. ЖКО-ға екі Toyota Camry көлігі қатысты.

Полицияның алдын ала мәліметтері бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі Жетібай ауылынан Шетпе ауылы бағытына қарай келе жатып, жол жүру бөлігінде жүрген түйені қағып кеткен.

Жануармен соқтығысқаннан кейін көлік қарсы беттегі жолаққа шығып, сол жерде басқа Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

«Апат салдарынан төрт адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен тағы төрт адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады ведомство редакцияның сауалына берген жауабында.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көліктер арнайы тұраққа қойылды, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу жұмыстары жалғасуда. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайларын, соның ішінде түйенің иесін анықтап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада 46 жастағы велосипедші әйел «Газельдің» астына түсіп қаза тапты

Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды

Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 112 - Ақтау - Актау (@112_aktau)