Алматыда көлік жүргізген оқушы жеке тұрғын үйдің қақпасына соғылды
Алматының Түркісіб ауданында Nissan көлігін басқарған кәмелетке толмаған жүргізуші рөлге ие бола алмай, жеке тұрғын үйдің темір қоршауына соғылды.
Жол апаты 1 қыркүйек күні Тоқтағұл және Артиллеристов көшелерінің қиылысында болды. Жасөспірім оңтүстік бағытта келе жатып, басқаруды жоғалтып, көлікті қоршауға бағыттаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайын Түркісіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
«Жасөспірім Тоқтағұл көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Артиллерийская көшесімен қиылыста ол рөлге ие бола алмай, темір қоршауды соғып кеткен», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Түркісіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Сондай-ақ полиция баланың ата-анасын бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартатынын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында жол апатынан алты адам қаза тапқаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада 46 жастағы велосипедші әйел «Газельдің» астына түсіп қайтыс болды
Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды
Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты