-
Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді
Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Ғарибабади келіссөздер соңғы кезеңге жеткенін хабарлады. Оның айтуынша, екі тарап екі-төрт айға дейін қолданылуы мүмкін уақытша теңіз бағытын құру мәселесін талқылап жатыр.
16.08.2026
-
Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті
Жер сілкінісінен кейін Индонезияның бірнеше ауданында биіктігі бір метрге жетпейтін цунами толқындары тіркелді. Билік цунами қаупі туралы ескертуді шамамен үш сағаттан кейін алып тастады.
16.08.2026
-
Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды
Қолданыстағы тазарту қондырғылары жаңа станция іске қосылғанға дейін жұмысын жалғастырады. Одан кейін қазіргі КТҚ одан әрі пайдалану жағдайы және оны реконструкциялау қажеттілігі айқындалады.
15.08.2026
-
Ақмола облысында "Ауыл құтқарушылары" ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды
Жаңа бекет екі елді мекендегі шамамен 1,5 мың тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
15.08.2026
-
Қазақстанның орман қорында бір күнде он өрт тіркелді
Кеше, 14 тамызда еліміздің орман қоры аумағында 10 орман өрті тіркелді
15.08.2026
-
Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы – алтын белбеу иегері
Турнир жеңімпазы Qazaqstan Barysy алтын белбеуімен қатар 15 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Күміс жүлдегерге күміс белбеу мен 3,5 миллион теңге, ал қола жүлдегерге қола белбеу және 1,5 миллион теңге табысталды.
15.08.2026
-
Тауда адасқан туристерге арналған авариялық қор жәшіктері орнатылуда
Авариялық қор адамды уақытша қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге есептелген.
15.08.2026
-
Жексенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Еліміздің барлық аймағында өрт қаупі сақталады.
15.08.2026
-
Ресей мұнайын тасымалдаған танкерден төгілген мұнай Оман жағалауына жетті
Санкциядағы танкерден тараған мұнай дағы шамамен 400 шаршы шақырым аумаққа жайылған.
13.08.2026
-
Астықтан агрохабқа: Қазақстанның ауыл шаруашылығы қалай өзгеріп жатыр?
Қазақстан ауыл шаруашылығында өнім көлемін арттырумен қатар, шикізатты терең өңдеуге, экспортты ұлғайтуға және су мен технологияны тиімді пайдалануға басымдық беріп келеді. Астықтан бастап тыңайтқыш пен ауыл шаруашылығы техникасына дейінгі бағыттардағы өзгеріс елдің Еуразиядағы ірі агроазық-түлік хабына айналу мүмкіндігін күшейте түсті.
13.08.2026
-
Соғыс жүріп жатқан елдерге «Евровидениені» өткізуге ресми түрде тыйым салынды
«Евровидение» байқауын ұйымдастырушылар қауіпсіздікке қатысты жаңа талап енгізді.
13.08.2026
-
Қазақстанның жаһандық азық-түлік жүйесіндегі рөлі күшейіп келеді – The World Financial Review
Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін арттырып, экспорт географиясын кеңейтіп, өнімді өңдеуге инвестиция салып, суару инфрақұрылымын жаңғыртуда. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы бастапқы өндіріс пен шикізат алудан бастап, терең өңдеу және қарқынды дамып келе жатқан нарықтарға шығуға дейінгі бүкіл құн қалыптастыру тізбегін қамтитын күрделі агроазық-түлік жүйесіне біртіндеп айналып келеді.
13.08.2026
-
Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымындағы жоғары қызметке үміткер
Қазақстан ҰОК президенті Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті қызметіне кандидаттар тізіміне енді
13.08.2026
-
Эстония қоныс аударуға ең қолайлы ел деп танылды
Global Relocation Index рейтингінде Эстония 191 елдің арасынан бірінші орын алды.
13.08.2026
-
Жастар саясаты: бағдарламадан нәтижеге дейін
Қазақстанда жастарды жұмыспен қамту, білім беру, баспанамен қамтамасыз ету және кәсіп бастауына мүмкіндік жасауға бағытталған ондаған бағдарлама бар. NEET жастарының көрсеткіші төмендеп, «Жастар практикасы» арқылы мыңдаған түлек еңбек нарығына кіріп жатыр. Бірақ мемлекеттік қолдаудың шынайы нәтижесі бағдарламаға қанша адамның қатысқанымен емес, сол мүмкіндікті қанша жастың тұрақты жұмысқа, баспанаға және экономикалық дербестікке айналдыра алғанымен өлшенуі тиіс.
13.08.2026
-
Қазақстан туралы даулы мәлімдеме жасаған ресейлік блогер елден шығарылды
Астана полициясының мәліметінше, әлеуметтік желілерді бақылау барысында шетелдік азаматшаның тікелей эфир кезінде арандатушылық сипаттағы және әдеп нормаларына қайшы пікірлер айтқаны анықталған.
13.08.2026
-
Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шықты
Үш сетке созылған тартысты матч Рыбакинаның 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
13.08.2026
-
Жердің миллиондаған тұрғыны Күннің толық тұтылуын тамашалады
Күннің толық тұтылуы Ай Жер мен Күннің арасына келіп, Күнді толықтай жауып қалған кезде болады. Сол кезде бірнеше минутқа айнала қараңғыланып, Айдың айналасынан Күннің тәжін көруге болады.
13.08.2026
-
Өскеменде жылу тапшылығын азайтатын жаңа энергоблоктың құрылысы басталды
Жоба аяқталғаннан кейін станцияның жылу қуаты 130 Гкал/сағ, ал электр қуаты 100 МВт-қа артады.
13.08.2026
-
Израиль Газа секторына жаңа соққылар жасады
Газа Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы жаңа мәліметтерді жариялады.
13.08.2026