27 Қыркүйек 2026, 08:29 Фото: olympic.kz

Қазақстан Азиада-2026 ойындарында әртістік жүзуден алғашқы медалін жеңіп алды

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық жұп 286,0826 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Қазақстандық спортшылар Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында әртістік жүзуден жұптық сайыста қола жүлдеге ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық жұп 286,0826 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Алтын медальді 322,8468 ұпай жинаған Қытай өкілдері Линь Яньцзюнь мен Сюй Хуэйян жеңіп алды. Күміс жүлде 291,7134 ұпаймен жапониялық Моэ Хига мен Томока Сатоға бұйырды.

Қазақстандықтар екінші орын алған жапониялық жұптан 5,6308 ұпайға қалып қойды.