Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әмір Омарханов алғаш рет ITF турнирінің финалына шықты

18 Мамыр 2025, 02:20
543
Бөлісу:
 Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ITF M25 санатындағы турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші италиялық Александр Биндамен бірге жартылай финалда Федерико Яннаконне (Италия) мен Георгий Кравченконы (Украина) 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Финалда Әмір мен Александр италиялық Томаззо Компануччи және ресейлік Кирилл Киватцевпен кездеседі. Шешуші матч 16 мамыр күні өтеді.

Бұл – Әмірдің ересектер арасындағы ITF аясындағы турнирдегі алғашқы финалы. Ал жекелей сын бойынша 2024 жылы Астанада өткен ITF M25 турнирінің жартылай финалына шыққан еді.

Өзгелердің жаңалығы