Америка мен Қазақстан сіз ойлағаннан да жақын...

24 Қазан 2019, 21:09
3035
Бөлісу:
Америка мен Қазақстан сіз ойлағаннан да жақын...
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "National Geographic Qazaqstan" журналы мен Қазақстандағы АҚШ елшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық музейінде "Америка мен Қазақстан. Сіз ойлағаннан да жақын..." атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.

Шараның ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер, белгілі қоғам қайраткері, ғалым Әділ Ахметов және зиялы қауым өкілдері мен елімізде жүрген бірқатар АҚШ азаматы қатысты.

сиз1.jpg
"Көрменің негізгі мақсаты – тәуелсіздік жариялағанына 250 жылға жуықтаған алып супердержава – АҚШ пен егемендігін алғанына 28 ғана жыл толатын – Қазақстан арасындағы экономикалық, географиялық, тарихи әрі мәдени ұқсастықтарды салыстыра отырып, қос ел туралы көпшіліктің таным көкжиегін кеңейтіп, қоршаған орта мен табиғатты қорғау проблемаларына қоғам назарын аударту", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
сиз8.jpg

Шара барысында бір-біріне сіз ойлағаннан да жақын қос ел фотографтарының Америка мен Қазақстанды байланыстырып тұрған фотосуреттер жиынтығы көрсетілді. Осы көрменің өтуіне мұрындық болып, екі ел арасына дәнекер болған белгілі қоғам қайраткері, ғалым Әділ Ахметов өз сөзінде АҚШ елшісінен алдағы уақытта бұл көрменің АҚШ жерінде өтуіне қолұшын созуды өтінді.

сиз6.jpg

Көрмеден елордалықтар мен қала қонақтары Қазақстандағы Шарын шатқалы мен АҚШ-тың Колорода штатындағы каньонды, қазақстандық асау үйретуші мен АҚШ-тағы кобвойды, Семей полигоны мен Неведа қасіретін көре алады. Көрмеге қазақстандық және америкалық фотографтардың 40-тан астам туындысы қойылған.
Жоспар бойынша Ұлттық музейде екі күн ғана тұратын туындылар, кейінірек 20 күн "Мега" СОСО-да, сосын Алматыдағы "Мега-Алматы" СОСО-да халық назарына ұсынылатын болады.

сиз4.jpg

сиз5.jpg

сиз2.jpg

сиз3.jpg
Өзгелердің жаңалығы