Amazon АҚШ-қа тауарын дрон арқылы тасымалдамақ

1 Қыркүйек 2020, 17:43
1703
Бөлісу:
Amazon АҚШ-қа тауарын дрон арқылы тасымалдамақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Федералдық басқармасы Amazon компаниясына азаматтық авиация тасымалдаушысы сертификатын берді. Бұл туралы kapital.kz сайты жазды.

Мұндай сертификат Amazon-ға тауарларын дронмен тасымалдау мүмкіндігін береді. Бұған дейін мұндай сертификат Wing және UPS. компанияларына берілген болатын. Қазіргі күні дрон көмегімен UPS.Солтүстік Королина штатының екі ауруханасын медициналық заттармен жедел қамтамасыз етіп отыр. 

Компания тауарларын АҚШ қа дронмен тасымалдауды сынақтан өткізетінін хабарлаған. Алайда нақты мерзімі айтылмады. 

Жалпы компания бұл әдісті 2013 жылдан бері қолданады. 2016 жылы Amazon Ұлы британияда толыққанды дронмен тасымалдау қызметін іске қосты.
 

Өзгелердің жаңалығы