Алуа Балқыбекова Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

19 Наурыз 2023, 00:11
885
Бөлісу:
Алуа Балқыбекова Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: prosports.kz

2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионы Алуа Балқыбекова Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлық қазақстандықтарға Үндістаннан үлкен сәлем! Менің алғашқы жекпе-жегім аяқталды. Құдайға шүкір, жеңіске жеттік. Мені қолдаушы барлық жанкүйеріме, туыстарыма және достарыма алғыс айтамын! Өздеріңіздің қолдауларыңыздың, Алла Тағаланың және жаттықтырушыларымның арқасында бүгін жеңіске жеттім! Келесі жекпе-жектерде қыздарға жеңіс тілеймін. Өздеріңіздің арқаларыңызда біз, бір команда ретінде жеңістерге қол жеткіземіз. Рақмет! – деп Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Балқыбекованың сөзін келтіреді.

Өзгелердің жаңалығы