Алтынға таласады. ӘЧ финалына қазақстандық екі боксшы шықты

24 Наурыз 2023, 11:17
1011
Бөлісу:
Алтынға таласады. ӘЧ финалына қазақстандық екі боксшы шықты
Фото: © Instagram/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Ләззәт Күнгейбаева және Карина Ибрагимова Нью-Делиде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалына жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

Осылайша, Қазақстан құрамасынан алтын үшін тек екі боксшы таласқа түседі. 

Сенбі күні әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері К.Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта италиялық Теста Ирмамен рингке шығады.

Теста Ирманың бір басына жетерліктей атақ-даңқы бар. Ол – 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола, өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, сондай-ақ 2019 жылғы Еуропа чемпионы.

2016 жылы Астанада өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы атанған Л.Күнгейбаева аса ауыр салмақта марокколық Марди Хадиджамен күш сынасады. Оның да қарсыласы мықты.

Марди Хадиджа – әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері (2019 жылы – қола, 2022 жылы – күміс), өткен жылғы Африка жеңімпазы, 2019 жылғы Африка ойындарының чемпионы.

Ал Фариза Шолтай (81 келі), Валентина Хальзова (75), Надежда Рябец (66) және Алуа Балқыбекова (48) жартылай финалда есе жіберіп, қола жүлдені місе тұтты.

Өзгелердің жаңалығы