«Алтын Орданың мұрасы»: Астанада креативті жәрмеңке өтуде

Жәрмеңкеде авторлық зергерлік бұйымдар, ұлттық қолөнер туындылары, кескіндеме жұмыстары, құрақ өнері және Ethno Fashion топтамалары ұсынылады.

 Астана қаласының әкімдігі 20 Шілде 2026, 06:35
20 Шілде 2026, 06:35
414
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Ұлытау облысының «Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкесі өтуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Ұлытау өңірінің тарихи-мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуетін таныстыруға арналған шараға 60 креатор қатысты. Екі күн бойы елорда тұрғындары мен қонақтары өңір шеберлерінің авторлық туындыларымен танысып, ұлттық өнердің сан қырын тамашалай алады.

Жәрмеңкеде авторлық зергерлік бұйымдар, ұлттық қолөнер туындылары, кескіндеме жұмыстары, құрақ өнері және Ethno Fashion топтамалары ұсынылады. Сондай-ақ келушілер өздеріне ұнаған бұйымдарды тікелей шеберлерден сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шара аясында былғары өңдеу, ағаш ою, ұсталық, зергерлік өнер және ұлттық музыкалық аспап жасау бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қатысушыларға дәстүрлі қолөнердің қыр-сыры таныстырылды.

Наверх