Алтыдан кейін тамақтанбаған дұрыс па? Диетолог кеңес берді

10 Қараша 2023, 15:07
1099
Бөлісу:
Алтыдан кейін тамақтанбаған дұрыс па? Диетолог кеңес берді
Фото: Арман Мухатов - архив

Диетолог дәрігер Марьяна Джутова кешкі алтыдан кейін тамақтануға болмайды деген мифке қатысты түсініктеме беріп, оны жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ РИАМО агенттігіне сілтеме жасап.

Оның сөзінше, ең бастысы тамақтану рационы алуан түрлі болуы тиіс. Сол кезде адам организмі өзіне қажетті барлық элементті ала алады. 

Диетолог айтып өткендей, соңғы тамақтану уақыты ұйықтар алдын төрт сағат бұрын болғаны абзал . Ал "алтыдан кейін тамақтанбау" ережесі сағат 20:00-де ұйықтайтындарға арналған дейді. Бастысы сағат 20:30-дан кеш тамақтанбау керек. Себебі адам организміндегі биоритмдер түнгі режимдегі жұмысқа дайындалады.

Ағзаны қажетті заттектермен қамтамасыз ететін дұрыс, үйлестірілген тамақтануды ұстану қажет. Организмге ақуыз, май, көмірсу, дәрумен, макро және микроэлементтер тең дәрежеде түсуіне жағдай жасау керек, - деді Джутова.

Маман адамдар өз рационынан майлы заттарды алып тастап, майсыз сүт өнімдерін, йогурт, қаймақты тұтынатынын айтты. 

Бұл дұрыс емес. Бұндай жолмен тамақтану салдарынан адам ағзасына майда еритін маңызды дәрумендер қажетті мөлшерде түспей, дәрумен тапшылығына әкеп соғады, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы