Алты өңірдегі жол қозғалысы қалпына келтірілді

27 Қараша 2022, 16:23
990
Бөлісу:
Алты өңірдегі жол қозғалысы қалпына келтірілді

Тоғыз өңірдің алтауында жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ QazAvtoJol-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүк және қоғамдық көлік қозғалысына енгізілген шектеу Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында алынды. Республикалық жолдар желісінде күшейтілген режимде 220 бірлік арнайы техника мен 300 адам қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда. Түнде 520 м3 құм-тұз қоспасы себілді, – делінген хабарламада.

Мәліметке сай, қазір Жетісу облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Көлбай ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабық тұр.

Шығыс Қазақстан облысында Қаратал ауылынан ҚХР шекарасына дейінгі «Омбы-Майқапшағай» трассасының учаскесі жабық.

Абай облысында Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейінгі «Алматы-Өскемен» тасжолының учаскесі жабық.

Сондай-ақ Абай облысында Таскескен ауылына бұрылыстан Үржар ауылына дейінгі «Таскескен-Бақты» трассасының учаскесі жабық тұр.

Өзгелердің жаңалығы