Алтайда өрттен 6 адам эвакуацияланды

15 Қаңтар 2023, 15:07
669
Бөлісу:
Алтайда өрттен 6 адам эвакуацияланды
Фото: Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының Матросов көшесінде екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Құтқарушылар 6 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екінші қабатта орналасқан пәтердің зал бөлмесінде жеке заттар, жиһаздар, төбенің ағаш конструкциялары жанып кетті. Өрт сөндірушілер түтіннен қорғау қызметінің буынын құрды, ол түтін үй-жайына еніп, 6 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Өрт 9 шаршы метр алаңда сөндірілді. Барлығы 3 бірлік техника және жеке құрамнан 7 адам жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі - мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздық.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Тұтанып тұрған папиростың максимал температурасы 300-420° аралығында, жану ұзақтығы 4-8 минут. Темекі жарты сағат бойы бықсуы мүмкін, сол кездегі оның температурасы 310-320° болады. Одан кейін ол сөнеді, бірақ бұған дейін ол түскен материалдың тұтанып кетуіне себепші болуы мүмкін. 1-4 сағат ішінде жаңа жану ошағы (материалдың қасиеттеріне және жылу беру жағдайларына байланысты) өртке айналуы мүмкін, - деді ШҚО ТЖД өкілі Нұржан Өміржанов.

Өзгелердің жаңалығы