Алтай Көлгінов жол құрылысы барысын тексерді

26 Тамыз 2021, 10:33
2482
Бөлісу:
Алтай Көлгінов жол құрылысы барысын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов биыл 115 көше салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Құрылыс маусымы басталғалы қалада жолдарды жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл 115 көшені салып, жөндейміз. Оның 60-ы елді мекендерде. Мысалы, Көктал-1 – 17 көше, Өндіріс – 9 көше, Агрогородок – 8 көше, сондай-ақ, Кирпичный, Теміржолшылар, Оңтүстік-Шығыс, Шұбар елді мекендері жол жұмыстарымен қамтылды.

Бүгін бірқатар көшенің, оның ішінде №27 көшенің (Ш.Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде) құрылыс барысымен таныстым. Осы учаскеде биыл 8 жолақты қозғалысты магистралды көшенің құрылысын аяқтаймыз. Ұзындығы 3 км болатын бұл көше ауданды инженерлік желілермен және кірме жолдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Болашақта Айтматов көшесінің құрылысы аяқталғаннан кейін (Е10 көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі учаскеде) Тұран даңғылының (Сарайшық көшесінен Ұлы дала даңғылына дейін), Мұхамедханов көшесінің (Тұран даңғылынан Айтматов көшесіне дейін), Е10 көшесінің (Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін) жүктемесін түсіреміз.

Сондай-ақ, Е52, Е41 (Бектұров және Төле би аудандары) көшелерінің құрылыс барысымен таныстым. Олар бойынша бізге тұрғындар жүгінді. Көшелердің құрылысы аталған аудандардың дамуына қосымша серпін береді, сондай-ақ қала тұрғындарының өмір сүру сапасы артады. Жол жұмыстары елорданың барлық ауданын қамтыды.

Екі жыл ішінде 300-ге жуық көше жөнделді. Мысалы, өткен жылы 170-тен астам көше, оның ішінде елді мекендерде 100 көше жөнделді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу саласында 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, - деп жазды елорда әкімі.


Өзгелердің жаңалығы