Алтай Көлгінов: LRT үшін жауап бермеймін

31 Қаңтар 2023, 12:53
1475
Бөлісу:
Алтай Көлгінов: LRT үшін жауап бермеймін
Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов енді Астанадағы LRT жобасына жауап бермейтінін айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

LRT менің құзыретімдегі шаруа емес. Бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Бұл – әкімдіктің мәселесі. Мен әкімдікте жұмыс істегенде оған қатысты бірнеше рет пікір білдірдім. 2022 жылдың қорытындысы бойынша біз өлі нүктеден қозғалдық. 50 млрд теңге бөлініп, жұмыс басталып кетті. Әкімдік жұмысты жалғастырып жатыр, - деді Алтай Көлгінов Үкімет кулуарында журналистерге берген жауабында.

Алтай Көлгіновтың айтуынша, бүгінде жобаға қаржы бөлінген, жұмыс жалғасып жатыр.

Ең бастысы, қаражат бөлінді, - деп түйді ол.

Өзгелердің жаңалығы