Алтай Көлгінов: Бақытты және білімді балалар – болашағымыздың кепілі

21 Қазан 2022, 12:25
723
Бөлісу:
Алтай Көлгінов: Бақытты және білімді балалар – болашағымыздың кепілі

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бақытты және білімді балалар – біздің болашағымыздың кепілі. «Тек бақытты балалар оқуда жоғары жетістікке жете алады» деген ұғым бар. Табысты балалар өз болашағы үшін жауапкершілікті алып, қоғамның өркендеуіне қамқорлық жасауға мүмкіндік тудыру қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы білімге қолжетімділік – елдің ертеңіне кепілдік екендігін айтқан болатын. Бүгінгі таңда елордада білім сапасын арттыру мақсатында көптеген игі шаралар жүзеге асырылып жатыр. Ең алдымен, педагогтерге қолайлы жұмыс ортасын ұйымдастыру, - деп атап өтті мегаполис басшысы Астанада өтіп жатқан педагогикалық форумда сөйлеген сөзінде. 

Айтуынша, бас қаладағы оқытушыларға ерекше жағдай жасалып отыр. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, соңғы екі жылда – 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 50%-ға көбейді. Биыл тағы да 25%-ға ұлғайды. Соңғы үш жылда астаналық мектептердегі 200-ден астам ұстаз шетелде тәжірибелерін шыңдады. Одан басқа, қалалық әкімдік мұғалімдер тапшылығының алдын алу үшін 1400-ден артық грант бөлді. 2022 жылы тағы да 1000 грантпен толықты, - деді Алтай Көлгінов. 

Еске сала кетейік, бүгін Астанада «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру» атты ХІІІ халықаралық ғылыми-практикалық форум өтіп жатқаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы