Алтай Көлгінов 30 отбасымен онлайн кездесті

13 Ақпан 2022, 16:37
1694
Бөлісу:
Алтай Көлгінов 30 отбасымен онлайн кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов 30 отбасымен кездесті. Бұл туралы қала басшысы Instagram парақшасында жазды.

Жеке онлайн-қабылдауда тағы 30 отбасын қабылдадым. Сұрақтардың ішінде бір отбасыға ғана қатыстысы да, сол сияқты жүйелі мәселелер де бар. Жүйелі проблемаларды шешу арқылы көп адамның қиындығы шешіледі. Мысалы, бұл әлеуметтік нысандар, инфрақұрылымдар, жол салу, елді мекендерді дамыту, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, - деді Көлгінов.

Биыл 10 мың әлеуметтік пәтер, 250 аула мен қоғамдық кеңістік салуды, сондай-ақ ЖЭО-3, ССС-3 (сорғы-сүзу станциясы) бірінші кезекте іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар елді мекендерді дамыту бойынша да жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Осы мақсатта елді мекен тұрғындарымен тікелей кездесеміз.

Азаматтарды қабылдауда түскен сұрақтарды назарға аламыз, – деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы