Алтай ауданында көшкін қаупі орташа деңгейге жетті – ШҚО

4 Қаңтар 2024, 08:28
410
Бөлісу:
Алтай ауданында көшкін қаупі орташа деңгейге жетті – ШҚО
Фото: baq.kz

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары «Путинцевская» және «Богатыревская копь» беткейлеріне тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде Алтай ауданында көшкін қаупі орташа деңгейде екені анықталды.

Өңірде ауылдық округ әкімдіктеріне, мектеп директорларына және көшкін қаупі бар аймақтағы кәсіпорындарға көшкін қаупі туралы хабарлама-ұсынымдар беру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді. Ағымдағы аптадан бастап профилактикалық қар көшкіні жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар Алтай ауданында, Катонқарағай және Глубокое аудандарында жоспарланған, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД және «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары туристер мен азаматтарға:

  • қар мен қолайсыз ауа райында тауға шықуға;
  • қар көшкіні болуы мүмкін жерлерден аулақ болу керектігін ескертеді.
Өзгелердің жаңалығы