Алматының Үлкен айналма жолынан қанша қаражат түседі?

16 Маусым 2023, 12:38
515
Бөлісу:
Алматының Үлкен айналма жолынан қанша қаражат түседі?
Фото: автордан

Ашылу салтанатында Алматының Үлкен айналма автомобиль жолының тым қымбат екендігі айтылды, деп деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Журналистердің «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік жолының бір шаршы шақырымына 1 млн доллар жұмсалған. Ал ҮАААЖ жолағының әр шақырымына 11 млн доллар жұмсалған. Бұл қалай?» деген сұрағына Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жауап берді. 

Бұл - техникалық мәселе. Өздеріңіз қараңыздар, бұл - алты жолақты жол, ұзындығы да біршама. Техникалық деңгейі өте жоғары деп айтар едім. Бұл жолмен жүретін адамдардың саны да көп болмақ. Еліміздің экономикасына да оң серпін берері сөзсіз, - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. 

Сондай-ақ айналма жолдан қанша қаражат түсетіндігі айтылды.

Біздің есептеуіміз бойынша айналма жолмен күніне 35 мың көлік жүруі тиіс. Жыл сайын 5-10 млрд теңге көлемінде салық түсуі қажет. Жолдың әр шақырымына қанша төленеді? Ол ақы кіреберісте алына ма? Әлде жүріп өткен соң төлеуі қажет пе? Ол жағын әлі шешіп жатырмыз, - дейді ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.

Өзгелердің жаңалығы