Алматының үлкен айналма жолы сапасыз салынды ма?

16 Маусым 2023, 12:39
786
Бөлісу:
Алматының үлкен айналма жолы сапасыз салынды ма?
Фото: автордан

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдерінің «Жаңа жол неге бетоннан емес? Асфальтты бетоннан салынған жол қайта жөндеуді қажет етпей ме?» деген сұрағына Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жауап берді.

Бұл техникалық мәселе. Бетонмен салу қиын әрі ұзақ уақытты қажет етеді. Сарапшылар жан-жақты қарастырып, асфальттан салуды жөн көрді. Себебі асфальтпен жұмыс істеу техникасы жеңіл, 13 тоннаға дейін көтере алатындықтан, осы шешімге тоқталды. Қауіпсіздігіне келер болсақ, бұл жолдан халыққа ешқандай қауіп жоқ. Егер жөндеу жұмыстары қажет болса, ай сайынғы төлемдердің есебінен жүзеге асады, - деді Әлібек Қуантыров.

Өзгелердің жаңалығы