Алматының шағын және орта бизнесінде 860 мыңнан астам қала тұрғыны жұмыс істейді

16 Тамыз 2023, 17:33
633
Бөлісу:
Алматының шағын және орта бизнесінде 860 мыңнан астам қала тұрғыны жұмыс істейді
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, қала экономикасының басым бөлігі, бұл 57,5% шағын және орта бизнесті қалыптастырады. Оған экономикалық белсенді халықтың 83% - ы жұмылдырылған.

Берік Солтанбаев хабарлағандай, қалада барлығы 380 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 22% - ға жоғары (312 784 бірлік). Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 323 мыңды құрайды, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңінен 39% - ға жоғары (233 030 бірлік). Айта кетсек, еліміз бойынша бұл көрсеткіште мегаполис бірінші орынды алып тұр.

Кәсіпкерлік бастаманың арқасында бүгінде қала экономиканың бестен бір бөлігін ел бюджеті кірісінің төрттен бірін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлік қала экономикасының іргетасы болып табылады. Бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарының кең жиынтығы тартылды.Кәсіпкерлік бастаманың арқасында бүгінде қала экономиканың бестен бір бөлігін ел бюджеті кірісінің төрттен бірін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлік қала экономикасының іргетасы болып табылады. Бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдары қолданылады, - дейді Берік Солтанбаев. 

Кәсіпкерлікті қолдау аясында қала келесі шараларды ұсынады:

- жеңілдікпен несиелеу (6% - дан 500 млн. теңгеге дейін кепіл, 12% - дан 6 млн. теңгеге дейін кепілсіз);

- қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлеме 8%);

- инновациялық бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беру;

- қарызға кепілдік беру (85% дейін);

- инвестициялық жобалар үшін жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу;

- факторингтік мәмілелерді қаржыландыру (8,5% - дан 100 млн. теңгеге дейін);

-бизнес-идеялардың пайда болуынан бастап қаржыландыруға дейін консультациялық қызметтер көрсету;

- резиденттері салық және кедендік төлемдерден босату түріндегі преференциялармен қамтамасыз етілетін индустриялық және арнайы экономикалық аймақтың аумақтарында жер учаскелерін беру;

- ШОК субъектілері үшін қолжетімді өндірістік алаңдарды ұсыну (шағын өнеркәсіптік парктерде);

- демалыс күндері жәрмеңкелерде сауда орындарын жеңілдікпен жалға беру.

Осы мемлекеттік қолдау шаралары үшін 2023 жылы 48,5 млрд.теңге бөлінді, бүгінгі таңда жалпы несие сомасы 84,9 млрд. теңгеге 1 119 жоба қаржыландырылды.

Өзгелердің жаңалығы