Алматының мәслихат депутаттары референдумға белсенді қатысып жатыр

5 Маусым 2022, 18:36
1354
Бөлісу:
Алматының мәслихат депутаттары  референдумға белсенді қатысып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қалалық мәслихатының депутаттары  референдумға белсенді қатысып жатыр.

Михаил Грачев референдумның біздің еліміз үшін тағдырлы болатынын атап өтті.

Әр сайлау сайын мен сайлау учаскесіне дамыған демократиялық қоғам құру және еліміздің болашағын айқындау жолындағы азаматтық парызымды орындау үшін алғашқылардың бірі болып келемін, - деді депутат.

Дауыс беруге мәслихат депутаты Ерболат Қасымов та келді.

Мен жексенбіні маңызды іс-шарадан бастадым-елдің болашағы үшін таңдау жасау үшін сайлау учаскеме бардым,-дейді ол.

Сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының депутаты Рахат Шимашев өзінің белсенді азаматтық ұстанымын білдірді.

Мен еліміз жақсарып, жаңа деңгейге көтерілетініне сенемін. Жаңа Қазақстанды құру үшін бірігейік! Алматылықтар да дауыс береді деп үміттенемін!,-деді Шимашев.

«Тұран» университетінің ректоры, қоғам қайраткері Рахман Алшанов қазір елімізде елеулі өзгерістер болып жатқанын атап өтті.

Біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» құру туралы бастама көтерді. Дана халқымыз бәрін дұрыс түсінеді, әркімнің ойы айқын және нақты. 30 жыл ішінде қоғамда жаңа пікірлер мен идеялар пайда болды. Біздің елімізге өзгерістер қажет-қоғам оны күтіп жүр. Көп айтылды, біз кездесулерде әртүрлі саладағы адамдарды көрдік, көзқарасымызды білдірдік. Осыған байланысты, Қазақстан халқы Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдайды. Мен де еліміздің болашағы үшін дауыс бердім, - деді Алшанов.

Өзгелердің жаңалығы