Алматының коммуналдық қызметтері жұмысын күшейтті

13 Қазан 2023, 19:05
637
Бөлісу:
Алматының коммуналдық қызметтері жұмысын күшейтті
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматының коммуналдық қызметтері жаңбырға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіккке сілтеме жасап. 

13 қазан күні сағат 13:30-дан бастап Алматыда жаңбыр жауа бастады, ол 14 қазан күні таңертеңге дейін жауады деп болжануда. Арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында сағат 08.00-ден бастап 38 патрульді бригаданың шығуы ұйымдастырылды. 

Су тасқынының алдын алу және жою үшін барлығы 168 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпалар және 757 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 1800 қап құм әзірленді. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша Алматы қаласында 14 қазан күні таңға дейін кейде қатты жаңбыр жауады, биіктігі 10-15 мм, Каменское платода желдің екпіні 15-20 м/с дейін 20 мм дейін, күндіз ауа температурасы +14 градусов+16 градус, түнде +3...+5.

Өзгелердің жаңалығы