Алматының «Каменское плато» ауданындағы ауыз су мәселесі шешіледі

8 Желтоқсан 2023, 11:50
615
Бөлісу:
Алматының «Каменское плато» ауданындағы ауыз су мәселесі шешіледі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Медеу ауданының жоғарғы бөлігінде жазда қатты ыстықтан сумен қамтамасыз етуде мәселе туындады. Негізгі себеп еріген мұздық суларының нормадан 50 есе асып, таудағы өзен жағалауларының құлауынан судың лайлануы болды. Су тапшылығы тәулігіне 20 мың текше метрге жетті. Сондай-ақ жыл соңына дейін «Каменское плато» ауданындағы тұрғындардың көпжылдық ауыз су проблемасы шешіледі. Ол үшін 7 су тарту құрылысы, оның ішінде 6,9 мың текше метр 5 резервуар салынады. Осы мақсаттарға төтенше жағдай желісі бойынша 3,4 млрд теңге бөлінді, – деді қала әкімі Ерболат Досаев. 

Өзгелердің жаңалығы