Алматының IT-архитектурасы бекітілді

22 Қаңтар 2021, 18:45
1724
Бөлісу:
Алматының IT-архитектурасы бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгін жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Алматы әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевпен бірге «Зерде» холдингі әзірлеген Алматы қаласының IT-архитектурасының мақсатты жоспарына қол қойылдым. Бұл «SmartCity» платформасын одан әрі дамыту мен іске асырудың триггері болады. Сапар аясында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында болып, «Crystal Spring» жүйесімен таныстым. Бұл жүйе Жасанды интеллект (ЖИ) арқылы рентген суреттері негізінде өкпенің онкологиялық ауруларын диагностикалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда, ЖИ өкпе ауруларының 14 түрлі белгілерін, оның ішінде пневмонияны Covid-19 көріністерінің бірі ретінде анықтай алады. Өнім 2020 жылғы наурызда бірнеше клиникаларда сынақ режимінде іске қосылды. Қазіргі уақытта дәрігерлер оны күнделікті түрде қолдануда - деп жазды министр.

Сондай-ақ ол Қалқаман шағын ауданындағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада «Алматы жасанды интеллект зертханасы» әзірлеген CEREBRA жобасымен танысты. 

CEREBRA дәрігерлерге инсультты ерте сатысында анықтауға көмектеседі. Толық сараптамалық есепті компьютердегі веб-платформадан және iOS және Android-тағы мобильді қосымшалардан алуға болады. CEREBRA жобасына енгізілген ЖИ инсультты 10 минут ішінде тануға көмектеседі. «Алматы жасанды интеллект зертханасының» мамандары Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысушысы. Сапардың соңында еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі - ҚБТУ-ға барып, «Smart city» және болашақта өздерін таныта алатын басқа да пайдалы жобалармен таныстым! - дейді Бағдат Мусин.
Өзгелердің жаңалығы