Алматының бірнеше көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 Маусым 2019, 22:17
2081
Бөлісу:
Алматының бірнеше көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құлжа күре жолы мен Рысқұлов даңғылы бойында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Құлжа күре жолы мен Рысқұлов даңғылы қиылысындағы көлік жол айрығының жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты 2019 жылғы 14 маусымнан 23 маусымға дейін оңтүстік бағыттағы қозғалыс кезінде Рысқулов даңғылына түсетін жолда автокөліктің қозғалысы уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз. Уақытша көлік қозғалысы көрсетілген сызба бойынша жүзеге асырылады", - делінген таратылған ақпаратта.

Алматы қаласының тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. 

Өзгелердің жаңалығы